Мемлекет басшысы Амал күнімен құттықтады

14 наурыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz
Бұл туралы Президент өзінің Х парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Тэгтер:

мейрам Көрісу мерекесі 14 наурыз Амал күні