Жаңалықтар

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында 14 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Ведомствоның мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

Тек ҚР батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.