Астанада өндірістік цехтан өрт шықты
Өрттің себебі анықталуда.
Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Республика даңғылында цех өртеніп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп жазды turkystan.kz.
Өрт сөндірушілер автотерезе жасап, орнататын екі қабатты ғимараттың жанып жатқанын анықтады.
«ТЖД қызметкерлері ғимараттан 2 газ баллонды шығарды. Өрт сағат 14:24-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», – делінген хабарламада.
ТЖД 65-ке жуық жеке құрам мен 13 техника жұмылдырды.