Жаңалықтар

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты ескерту жасады

Бас прокуратура көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертті.

Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, медиа-кеңістікте Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр.

Бас прокуратура көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертті.

Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға үндеді.