Жаңалықтар

Семейде көпірдің қоршауы опырылып түсті

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 15 метр болатын қоршауы құлап кеткен.

12 наурызда Семейде қатты жел салдарынан көпірдің жақтауы жартылай опырылып түсті.

 

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 15 метр болатын қоршауы құлап кеткен. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағытта жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жабылғанын мәлімдеді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Олар төтенше жағдайға байланысты жаяу жүргіншілерді бағытын өзгертуге шақырды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, құлаған қоршаулар оптикалық байланыс желілерін зақымдап, сол жақ жағалау тұрғындарын интернетсіз қалдырды.