Көкшетауда облыстық соттың ғимараты өртенді

13 наурыз, 2024 / Анель Жарылғасын
ҚР ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

12 наурызда Көкшетау қаласында орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өрт сағат 19:55-те болған.

Сағат 19.55-те Көкшетауда Н. Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараттың 40 шаршы метр алаңында өрт болды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сағат 20:12-де оқшауланып, 20:30-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

өрт Көкшетау ғимарат Облыстық сот