Көктайғақ, тұман, жел: Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.
Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.