Спорт

80 миллион теңге: Қазақстанда ең қымбат көлік мінетін футболшы кім?

FC «Tobol»

Екі футболшы құны 80 млн теңге BMW X7 көлігін тізгіндейді.

Қазақстандық футболшылардың қайсысы қандай көлікті тізгіндейтіні белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

«Соқкер» YouTube арнасының дерегі бойынша, қазақстандық футболшылардың арасында ең қымбат көліктің иесі – Сергей Малый мен Темірлан Ерланов. Екеуі де құны 80 млн теңге BMW X7 көлігін тізгіндейді.

1-2. Сергей Малый (Ордабасы) – BMW X7 - 80 миллион теңге.

1-2. Темірлан Ерланов (Ордабасы) - BMW X7 - 80 миллион теңге.

3. Абзал Бейсебеков (Астана) - Lexus 570 - 68 миллион теңге.

4. Асхат Тағыберген (Ордабасы) - BMW X6 - 50 миллион теңге, Li L9 - 35 миллион теңге, Toyota Camry 75 - 17 миллион теңге.

5. Бауыржан Исламхан (Ордабасы) - Toyota Highlander - 38 миллион теңге

6. Александр Марочкин (Ордабасы) - Mercedes S-класса - 30 миллион теңге.

7. Игорь Шацкий (Ақтөбе) - Kia Sportage - 15 миллион теңге.

8. Бағдат Қайыров (Ақтөбе) - Toyota Camry 55 - 11 миллион теңге.