Н.Назарбаев: Еліміздің аяқтан тік тұруына әйелдердің қосқан үлесі ерекше

Н.Назарбаев: Еліміздің аяқтан тік тұруына әйелдердің қосқан үлесі ерекше

Н.Назарбаев: Еліміздің аяқтан тік тұруына әйелдердің қосқан үлесі ерекше
ашық дереккөзі
Бүгін Елбасымыз әйелдер қауымын мерекемен құттықтау  дәстүрлі "Көктем шуағы" кездесуін өткізді.  «Біз қасиетті Тәуелсіздігіміздің үшінші мүшеліне аяқ бастық. Осы жылдарда мемлекеттігіміз нығайып, аяғына нық тұруына әйелдердің қосқан үлесі ерекше. Елімізде еңбек ететін азаматтардың тең жартысынан көбі қыз-келіншектер. Әйелдер Үкімет құрамында, Парламент қабырғасында, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде табысты жұмыс жасауда», - деді Қазақстан Президенті. Президенттің дерегінше, білім беру саласында 65, денсаулық саласында 75, мемлекеттік қызметте 55 пайыз әйелдер жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерліктің тең жартысы, шағын және орта бизнестің 42 пайызы әйел азаматтардың қолында. «Болашақ» бағдарламасымен шетелден білім алған 12 мыңнан астам жастың тең жартысы қыздар. «Бірнеше жылда бері «Отбасы күні» мерекесін атап өтіп келе жатқанымызды өздеріңіз де білесіздер. «Мерейлі отбасы» байқауы жалпыхалықтық деңгейдегі шараға айналып келеді. Былтырдан бері бала құқықтары жөніндегі институт құрылып, жұмыс істеуде. Зағипа Балиева ханым ол ұжымды басқарып келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ақордадағы кездесуге Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиады-2017 чемпионы Анна Шевченко, ҚХА мүшесі, ауыл мектебінің директоры Ирина Седова, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, «Теңізшевройл» ЖШС адам ресурстарын басқару бас менеджері, аудандық аурухананың бас дәрігері Қарлығаш Рәзиева, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мукашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева, журналист Венера Мирланқызы қатысуда.