Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды
Тоқаевты Әзербайжан Президенті қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады. Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.