Жаңалықтар

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған мектеп бапкерлері сотталды

Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасы мәлім етті.

Шымкент қаласында бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды. 

Жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылдар аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған құжаттар ұсынған. Сөйтіп 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.