Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігіт ұсталды
Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.
Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігіт ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.
«Мәселен бірінші факті бойынша Келес ауданының мешітінде күдікті садақа жәшігінен 60 мың теңгені, ал екінші факті бойынша Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен», – делінген хабарламада.
Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.
Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.