Қоғам

Шымкентте жер үй өртеніп, бір адамды күйік шалды

ҚР ТЖМ

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Шымкенттегі жер үйде болған өрт кезінде 22 жастағы жігіт қатты күйік алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, 10 наурыз күні сағат 15:18-де Бибарыс Сұлтан көшесінде тұрғын үйдің шатыры, гараж және ВАЗ автокөлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Өрт салдарынан 2002 жылғы жігіт I-II дәрежелі күйік алған. Гипербарикалық оттегімен емдеу орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрт 15:40-та оқшауланып, 16:13-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген ресми хабарламада.

Өрт орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен Апаттар медицинасы орталығынан 20 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.