Саясат

Президент Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

akorda.kz

Президентті Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.