Жаңалықтар

Семейде көшелерді су басып қалды

Семей. Фото: orda.kz

ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Семейде еріген қардың салдарынан көшелерді су басты.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілген. «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп, инертті материал таратылды.

ТЖД қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазір қала көшелерінен 1 мың 500 текше метрден астам су айдалды. Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамынан 60-тан астам адам және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.