Қоғам

Алматыда ағаш ұстаханасы цехындағы өрт сөндірілді

Скрин

Өртке Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды

Бүгін сағат 19:18-де 112-ге ағаш ұстаханасы цехының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Талғар ауданы, Гүлдала ауылында Кичиков көшесі бойында жеке тұрғын үйдің аумағында орын алған.

Сағат 19:56-да өрт оқшауланып және 20:14-те жойылды. Ауданы 250 ш.м. Өрттің себебі анықталуда.

Өртке Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.