Қоғам

Құтқарушылар жолда қалған шетелдік азаматтарды эвакуациялады

Видеодан алынған кадр

ТЖМ алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды

Құтқарушылар жолда қалған шетелдік азаматтарды эвакуациялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80 шақырымында құтқарушылар техникалық ақаулы жолаушылар автобусын Т. Жүргенов ауылының мешітіне көшірді, - делінген хабарламада.

Жолаушылар автобусында 17 азамат болды Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.