Жаңалықтар

Атырау облысында қамыстан шыққан өрт сөндірілді

Оқиға Құрманғазы ауданында болған

Атырау облысында қамыстан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Құрманғазы ауданында болған.

2500 гектар алаңдағы өрт 9 наурызда сағат 18:30-да оқшауланды, бүгін сағат 11:00-де өрт толық сөндірілген.

Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және ЖАО 60 жуық адам, 21 техникасы жұмылдырылды.