Жаңалықтар

3 облыстағы 4 маңызды жол жабылды

ҚазАвтоЖол

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 техника және 285 адам жұмылдырылды

10 наурыз, сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол.  (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) 1. "Қызылорда-Павлодар" - Ұлытау обл.шек-Топар к. (автокөліктің барлық түрлері үшін).

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол.  (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) 1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.  (автокөліктің барлық түрлері үшін).

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол. (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ) 1. "Жезқазған-Петропавл" - Жезді а-Қостанай обл.шек. 2. "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек. (автокөліктің барлық түрлері үшін) Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98%-на қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 техника және 285 адам жұмылдырылды.