Қоғам

2500 гектар жер: Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр

Сөндіру жұмыстарын қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметке сай, бару қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс жанып жатыр. Сөндіру жұмыстарын қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр.