Спорт

Валентина Хальзова Италиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Бокс федерациясы

Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан турнирде қазақстандық боксшылардан алғашқы болып шаршы алаңға Валентина Хальзова шығып, ширек финалға өтті, деп жазады turkystan.kz.

75 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз 1/8 финалында түркиялық Бюшра Ишилдарды 4:1 (30:27, 28:29, 29:28, 30:27, 30:27) есебімен жеңді.