Жаһан

Тасбақа етін жеген 8 адам қайтыс болды

Shelley Smith

Тағы 78 адам уланған

Танзанияның Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасын жеген 8 бала қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы 78 адам уланды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жазды. 

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Хаджи Бакари Хаджидің мәлімдеуінше, медициналық зертхананың қорытындысы бойынша уланғандардың сейсенбі күні тасбақа етін жегені белгілі болды.