Алматы облысында колония бастығы пара алған

9 наурыз, 2024 / Ақмарал Берекет
abai.kz
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды

Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Тэгтер:

Алматы облысы Пара