Жаңалықтар

Алты өңірде қалың тұман түседі – ҚазАвтоЖол

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанады

ҚазАвтоЖол еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанады.