Ресейде теракт кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды
Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде
Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп жазады turkystan.kz.
БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады, - делінген комитет таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.