Жаңалықтар

Әнші Арман Қоңырбаевтың әкесі дүниеден өтті

Nur.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аша Матайдың күйеуі, танымал әнші Арман Қоңырбаевтың әкесі дүниеден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Арман Қоңырбаев бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бір апта бұрын қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын Әке. 25.01.1962 - 01.03.2024", - деді ол.