ІІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті
Бірқатар ару марапатқа ие болды.
Ішкі істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство басшысы Ержан Саденов нәзік жанды әріптестерін көктем мейрамымен құттықтады.
«Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ізгілік пен сұлулықтың белгісі. Нәзік жандыларға деген шексіз құрметтің көрінісі. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!», – деді министр.
Айтулы күні азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген бірқатар ару, сондай-ақ тәртіп сақшыларының жас буынын тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлер марапатқа ие болды. Салтанатты шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.