T-Newspaper

Кинолог Жазира

Астана қаласындағы Кинологиялық қыз­мет орталығында 10 әйел-кинолог қызмет ете­ді. Солардың бірі – полиция капитаны Жа­зира Пішембайқызы. Оның қызметтегі «жауын­гер» досының аты – Дик, немістің овчар­касы.

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жаңа асылтұқымды иттердің пайда болуы арқылы кинология ғылымы дами бастады. Арнайы үйретілген иттер бүгінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік қауіптің алдын алу, шекараны күзету сынды мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді.

Астана қаласындағы Кинологиялық қыз­мет орталығында 10 әйел-кинолог қызмет ете­ді. Солардың бірі – полиция капитаны Жа­зира Пішембайқызы. Оның қызметтегі «жауын­гер» досының аты – Дик, немістің овчар­касы. Иісшіл иттер ішінде шыдамды бол­ғандықтан полиция қызметінде неміс және бельгия овчаркасы – молинуа тұқымдас иттер үйретіледі. Өйткені олар жарылғыш зат­тар мен есірткіні тез табады, із кесу жұ­мыс­тарында да жылдам. Бұл тұқымдардың тағы бір ерекшелігі – ауа райына қарамастан қыз­метін жалғастыра береді. Мәселен, Дик өте төзімді, адамға ыңғайлы,  ақылды әрі бұй­рықты тез орындайды. 

Жазираның жұмысы таңертең Дик­пен кездесуден басталады. Төрт аяқ­ты досының жүнін тарап, тазалығын тек­середі. Иісшіл иттердің бұл «қызметте» та­за болуы өте маңызды. Кинологтан бөлек ве­теринар дәрігер де күнде таңертең иттердің ден­саулығын тексереді. Жоспарға сай қажетті вакциналар салынады. Ай сайын олардың салмағы өлшеніп, медициналық тексерулер өт­кізіледі. Осылайша, иттердің жұмыс істеу қа­білеттері толық бақыланады.

Кинологтар арасында иттерді үйрету әйел­дерге арналған деген түсінік те кездесіп қа­лады. Әсіресе, лабрадор тұқымдас иттермен әйел­дердің жұмыс істегені жақсы дейді. Өйт­кені ол әйелдің мейірімін сезіп, жылы қа­был­дағандықтан айтқанын бұлжытпай орын­дайды екен.

Иттердің де адамдар сияқты сангвиник, хо­лерик, флегматик және меланхолик деген төрт түрлі мінезі болады екен. Кинология саласындағы қызметке икемдісі – сангвиник иттер. Олар өте сезімтал болғандықтан иесінің көңіл күйін сезіп тұрады.

Біздің кейіпкеріміз Жазира сенімді серігі Дикпен одорология бағыты бойынша жұмыс істейді. Одорология – иістер туралы ғылым. Қылмысты иіс арқылы табу аса ауыр қылмыстарды ашу мен тергеу үшін криминалистикада кеңінен қолданылады. Біздің елімізде 1998 жылдан бастап одороло­гиялық зертхана жұмыс істейді. Онда қыл­мысқа қатысы бар адамдардың иісі сақталады және одан әрі зерттеледі.

Қасақана қылмыс жасаған адамның ізін жасыруға тырысатыны анық. Әдетте олар бет­перде тағады, саусақ ізін жасыру үшін қол­ғап киеді. Алайда қылмыскер саусақ ізін қанша жасырғанмен, өзінің иісін жасыра ал­майды. Бұл мүмкін емес. Өйткені әр адам­ның өзге ешкімге ұқсамайтын өзіндік иісі болады. Саусақ таңбасы секілді адамның иісі де өзгермейді және киімге, аяқ киімге сіңіп қалған иіс көпке дейін кетпейді. Алайда ма­ман­дардың айтуынша, қылмыс болған жер­ден кетіп қалған адамның иісі бірнеше минут қа­на сақталады. Иісшіл иттер оқиға орнына жедел жеткізілсе, қылмыстың ізін суытпай ашу­ға болады. Ал қылмыскердің ұзақ уақыт қол­данған жеке заты табылса, бұл – нағыз бұл­тартпас айғақ. Кей заттар өз иесінің иісін бір­не­ше ай, тіпті жылдар бойы сақтайды екен.

Қылмысты зерттеуге одоролог, тергеуші, инспектор-кинолог және арнайы үйретілген иттер қатысады. Сараптама дәл осы бағытта үйретілген иттердің көмегімен жасалады. Өйткені иттің иіс сезу қабілеті адамға қара­ғанда 700 есе артық екен. Иттің иіс сезгіш­тігінің жоғары болуына тек ішкі сенсорлар ғана емес, мұрнының сыртқы бөлігі де әсер етеді. Әдетте дені сау иттің мұрнының ұшы ылғалданып тұрады. Осы ылғалдылығының нәтижесінде ауада жүрген иістерді өздігінше топтастырады екен. Мақаланы жазу бары­сын­да тағы бір қызық дерекке тап болдық. Ға­лымдар жүргізген бірнеше жылдық зерт­теудің нәтижесі иттердің 2 миллионға жуық иісті ажырататынын анықтаған. Олар тіпті араласқан иістердің өзін бір-бірінен ажырата біледі екен.

Ел тыныштығы, бейбітшілік пен ма­мыражай өмір үшін күн сайын өз ба­сын тәуекелге тігетін Жазира қызметтегі ай­нымас серігі Диктің өмірі үшін де жауапты. Жұмыс барысында қырағылық танытып, тез шешім қабылдап, өзіне тапсырылған міндетті тыңғылықты орындайтын білікті маманның тәжірибесі көпке үлгі. Өз ісін ерлерден кем атқармайтын еліміздегі барша нәзік жанды ки­нологтарды халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз. Қызметтеріңіз абы­ройлы, мәртебелеріңіз биік, жұмыс­тарыңыз жемісті болғай.