Парамен ұсталған Сәтпаев әкімінің ісі сотқа жетті
Бірінші сот отырысы 11 наурыз күні өтеді деп жоспарланған.
Өткен айдың ортасында пара алды деген күдікке ілініп, ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа жетті. Алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабаралады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен.
Бірінші сот отырысы 11 наурыз күні өтеді деп жоспарланған.
Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге қылмыстық кодекстің 366-бабы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
Дәл осы күні сот отырысында қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қаралады.
ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын растады.