Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирде 2 медаль жеңіп алды
Тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды.
Бүгін Түркияның Анталья қаласында дәстүрлі белгілі балуандар - Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы жарыс күні әйелдер 50, 57, 65, 76 кг салмақта кім мықтыны анықтады.
Қазақстанның ұлттық құрамасындағы Эльмира Сыздықова (76 кг) аталған жарыстан күміс жүлде жеңіп алды. Ал Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болды.
Енді ертең әйелдер қалған 53, 59, 62, 68, 72 келі салмақта күш сынасады.
Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды.