Жаңалықтар

«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпазы марапатталды

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

"Ару-Ана" байқауының жеңімпаздары:

1. "Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба" номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;

2. "Ғылым саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;

3. "Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;

4. "Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;

5. "Агробизнес саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;

6. "Креативті индустрия саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы.