Алматы облысында колония бастығы қамауға алынды

8 наурыз, 2024 / Анель Жарылғасын
pexels
Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметІ мәлімдеді.

7 наурыз күні Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.

Колония басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Алматы облысы Пара колония басшы