Жаңбыр, қар, тұман: 8 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 8 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстан территориясың басым бөлігі фронталды бөліктердің әсерінде болады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді, орталық пен шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.
Тек еліміздің батысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. ҚР бойынша тұман күтіледі.