Жаңалықтар

Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасына қатысты құпияны мәлім етті

Тележүргізушінің айтуынша, атышулы бағдарламаның редакция қызметкерлеріне бандиттер келіп, қоқан-лоққы көрсеткен.

Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай атышулы бағдарламаның ел білмейтін құпиясын ашты. Бұл туралы ол «Taboo» подкастында айтты, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі – қоғам наразылығын тудырған «Қалаулым» бағдарламасының экс жүргізушісі.  

Тележүргізушінің айтуынша, атышулы бағдарламаның ел білмейтін құпиясы көп көрінеді. Тіпті, бандиттер келіп, редакция қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсеткен.