Жаңалықтар

Ақтөбе-Астрахань автожолында болған жол апатының алдын ала себебі айтылды

azattyq-ruhy.kz

Ақтөбе-Астрахань автожолында қарама-қарсы бағытта қозғалған екі автокөлік соқтығысты.

8 адам қаза тапқан Ақтөбе-Астрахань автожолындағы жол апатының алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе-Астрахань автожолында қарама-қарсы бағытта қозғалған екі автокөлік соқтығысты. Оқиға орнына шұғыл түрде «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиал қызметкерлері, жол полициясы мен жедел жәрдем өкілдері жетті.  

«Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол көлік апатының орнында Lada көлігінде болған 8 адам тіл қатпастан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Жол апаты болған сәтте күре жолдың жабыны таза, көрініс шектелмеген. Қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылған.  

«КазАвтоЖол» ҰК» АҚ қаза болған адамдардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады» – делінген хабарламада.