Әлемде шоколад бағасы қымбаттады
Какаоның ірі экспорттаушылары – Батыс Африка елдері.
Әлемде какао бағасы шарықтап кетті. Кейінгі 1,5 жылда ол 3 есе қымбаттаған, деп хабарлады turkystan.kz.
24.kz сайтының мәліметінше, оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Какаоның ірі экспорттаушылары – Батыс Африка елдері. Өңірді қуаңшылық жайлаған. Оның үстіне мұнда өсімдіктердің ауруы жиілеп кеткен. Содан шаруалар әдеттегіден аз өнім жинауға мәжбүр. Мұның бәрі шоколад бағасының өсуіне әкеп соқтырды.
«Бұл жолы жинаған өніміміз әдеттегіден 30%-ке аз. Какаоға сұраныс әрқашан жоғары. Ұсыныс аз болғасын, өнім де қымбаттай бермек. Өндірушілердің біразы шоколад бағасын көтеріп жіберген», – деді шаруа Баламин Коне.