Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі соталушыдан өтемақы талап етті
Оқиға қаңтар айының аяғында болды.
Қарағандыда жәбір жедел жәрдем жүргізушісі өтемақы талап етті, деп хабарлады turkystan.kz «КТК» арнасына сілтеме жасап.
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды. Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр. Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген.
Оқиға қаңтар айының аяғында болды. 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Шақыртуға келген бригаданың көлігі подьездің алдын көлегейлеп, жүргіншілер жолын жауып тастаған. Ескерту жасамақ болған жүргізуші қөліктен шығып, күдіктімен дауласқан көрінеді. Ақыры таяқ жеп жатқанын фельдшер тастапаға түсіріп алыпты.
Аталған видео желіге тараған соң, күдікті бой тасалаған. Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң, жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген.
Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Сотта бетперде тағып, өзін еркін ұстап отырды. Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған.
«Бейнежазбада Нұрболатты кешірем дегені оның жеке шаруасы, ол адам ретінде рухани тұрғыда кешірдім дегені. Ал денсаулығына келген залалды өтеу – бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған», – деді адвокат Бағдат Хасенов.