«Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіндегілер жүргізуде.
Ведомство мәліметінше, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.