Ақтөбеде қыз-келіншектер мереке күні қоғамдық көлікте тегін жүреді
Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні барлық қыз-келіншек, аналардың автобуста тегін жүруіне мүмкіндік жасалды.
Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте әйелдер үшін жол жүру тегін болады.
- Ақтөбеде қала тұрғындары мен қонақтарына «Автопарк» ЖШС, «Қала транс» ЖШС, «Ақжайық автопарк» ЖШС және «Табыс Ақтөбе» ЖШС тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді. Барлық 4 компанияның автобустары 8 наурызда өзінің тұрақты кестесіне сәйкес жүреді. Әйелдер үшін бәрі тегін қызмет көрсетеді, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.