Жаңалықтар

Қызылорда облысында қоғам белсендісі қамауға алынды

Сандуғаш Тұрлыбекова. Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Аталмыш фактіге қатысты Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында көпбалалы Сандуғаш Тұрлыбекова ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, көпбалалы Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тарады. Аталмыш фактіге қатысты Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр» деп қысқа қайырды ведомстводан. 

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.