Қоғам

6 жыл бұрын жоғалып кеткен елордалық азамат табылды

Ер адам Қорғалжын ауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды.

Полицейлер Ақмола облысы аумағынан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен астаналық ер адамды тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 40 жастағы елордалықты анықтаған.

Жоғалған адамды іздеуге елордалық полицейлер ғана емес, облыстық полицейлер де жұмылдырылған. Жоғалған ер адам елорда маңынан және басқа облыстардан іздестірілген. Ұзақ іздеуден кейін оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ер адам Қорғалжын ауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Ол бұл ауданға бірнеше ай бұрын келген екен.