Жаңалықтар

Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған.

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.