Нұрлан Абдуллин сахнаға шықпай кетуінің себебін түсіндірді
Әнші шетелге көп шығып, ән айтып тұратынын айтты.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Нұрлан Абдуллин соңғы уақытта тыңдармандары назарынан тыс қалған. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты.
«Мені сұхбатқа шақырған сәтте сапарда жүремін. Сәті түспей қалады. Елдемін. Көшіп кетпедім. Жиі саяхаттаймын. Той-домалақ, концертте бар. Жаңа ән жазылып жатыр. 2015 жылы 50 жылдық мерейтойыма үлкен концерт жасағанмын. Үкімет «Парасат» орденін берді. Енді 60 жылдық таяп қалды. Әндерімді жинақтап, концерт берсем деген жоспар бар. Бірақ ерекше ән кешін өткізгім келеді. Бір күнде, бір ән шығаратын әнші емеспін. Жайбасар, салмақты адаммын. Әнді де нақышына келтіріп жасағанды жақсы көремін», - деді Нұрлан Абдуллин.
Сонымен қатар әнші шетелге көп шығып, ән айтып тұратынын айтты.
«Шетелге барып тұрамын. Ол жақта да ағайындар бар. Ресейге көп баратын едім. Алайда соңғы жағдайдан кейін азайттық. Бірақ сол азаматтар таниды, басқа мемлекеттерге шақырып тұрады», - деді әнші.