Жаңалықтар

Елордада әлемнің үздік жас биологтары бақ сынайды

35-ші рет ұйымдастырылғалы отырған әлемдік дода Астанада өтеді.

Астанада 7-14 шілде күндері оқушылар арасында биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өтеді. Үздік биолог атағы үшін әлемнің 80 елінен 330 жас бақ сынайды. Бұл туралы turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

IBO-2024 теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Олар ғылымның негізгі салаларындағы сұрақтарды қамтиды. Бұл жасушалық және молекулалық биология, жануарлар мен адамдардың анатомиясы мен физиологиясы, генетика, эволюция, экология және т. б.

Аталмыш халықаралық биология олимпиадасы оқушылар үшін өздерінің зияткерлік әлеуетін ашуға және әлемдік аренада өз білімдерін көрсетуге тамаша мүмкіндік.

NU базасында ұйымдастырылатын олимпиадада қатысушылар мен жетекшілер арнайы кәсіби білім және тәжірибе алмасады. Олимпиада мәселелерін талқылау үшін семинарлар мен конференциялар жоспарланған.