Қоғам

Ақтөбеде көлікте тірідей жанып кеткен жолаушылардың тең жартысы — оқушылар

azattyq-ruhy.kz

Бәрі де Ақтөбе облысы Темір ауданы Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши ауылының тұрғындары.

Ақтөбе-Атырау тасжолында болған жол-көлік апаты кезінде 8 жолаушы жанып кетті. Оның тең жартысы оқушы, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Полициямен қатар прокурорлар да істі бақылауға алды.. 

Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасы болса, қаза тапқандар арасында 4 бала бар екенін хабарлады. 

«Жол апатына ұшыраған азаматтардың, балалардың қазасына көңіл айтамыз, қайғысына ортақпыз. Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүрізуде», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Айта кетейік, қаза болған төрт баланың екеуі бір отбасынан. Бірі 4-сыныпта, екіншісі 6-сыныпта оқиды.

Сонымен бірге тағы бір бала 6-сыныпта білім алса, төртіншісі – даярлық тобының оқушысы. 

Бәрі де Ақтөбе облысы Темір ауданы Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши ауылының тұрғындары. 

Айта кетейік, олар мінген такси Шұбарши ауылынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алған.