Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған 2 шетелдік ұсталды
Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.
ҰҚК шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті.
Айталық, 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде Франция Республикасының жалған құжатын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды.
Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.
2024 жылдың басынан шекарашылар өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжат пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.
ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.