Қоғам

Қызылордада 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласы ПБ

1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып, кейін үйіне қайта оралмаған.

Қызылордада 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып, кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбековке іздеу салады.

Бойы – 1,80 см, шашы қара түсті, орта денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ куртка, ақшыл-көк түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген, - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз.