Қоғам

Түркістан облысында ер адам балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлеген

Қазіргі уақытта әйел мен оның балалары «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырылды.

Түркістан облысында ер кісі өз балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлеген. Бұл туралы балалардың анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстық өкілімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бес балалы ананың айтуынша, өзі және балалары жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп келеді. Тиран әкенің салдарынан балалары үнемі бір бөлмеге тығылып отыруға мәжбүр. Сонымен қатар күйеуі банк картасын пайдалануға рұқсат бермейді. Отағасы барлық табысын ішімдікке жұмсап, балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлейді екен.

Қазіргі уақытта әйел мен оның балалары «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырылды.

Шенеуніктердің немқұрайлы көзқарасы мен алдын алу шараларының болмауы көпбалалы отбасының қазіргі жағдайына себеп болған.

Омбудсменнің Түркістан облысы бойынша өкілі құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жөнінде құзырлы органдарға ұсыныс жолдаған.