Жаңалықтар

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

7,8 млн теңгенің вакциналық препараттарының мерзімі өтіп кеткен.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады.

Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты болған.