Су спортынан Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы екі алтын түсті
Оның бірін көркем жүзу жарысынан Карина Магрупова, екіншісін Даяна Джаманчалова жеңіп алды.
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.
Нақтырақ айтатын болсақ, оның бірін көркем жүзу жарысынан 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Карина Магрупова жеңіп алса, екіншісін осы сайыс түрінен 13-15 жас аралығындағы қыздар арасынан еркін бағдарламада Даяна Джаманчалова қанжығасына байлады.
Жарыс қорытындысы:
Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 15-19 жас 1-орын - Қазақстан - Карина Магрупова - 404.0525 ұпай 2-орын – Таиланд - Патрави Чаяварарак - 330.9342 3-орын – Өзбекстан - Зиёдахон Тошхуджаева - 328.1150 Көркем жүзу. Қыздар. Жекелей сайыс, еркін бағдарлама, 13-15 жас
1-орын - Қазақстан - Даяна Джаманчалова - 233.5386 ұпай 2-орын – Қытай - Я Дай - 233.1047 3-орын – Өзбекстан - Сабина Махмудова - 200.5405